Тәрбие жұмысы бойынша есеп
Айтуар негізгі орта мектебі
2019-2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі
Қыркүйек айының 1– күні 2-сыныпта «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты білім күніне арналған сынып сағатын өткіздім. Сынып сағатының мақсаты:Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру.
22 – қыркүйек тілдер мерекесі күніне орай «Ана тілім- ажарым, асыл мұрам» атты сынып сағатын өткіздім. Оқушылардың еліне, ұлтына,тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту. Сынып сағатында туған ана тілімізге деген құрмет көрсету туралы сөз қозғадық. Ақындар мен жазушылардың тіл туралы айтқан сөздерін талқыладық. Сабақ соңында тіл деген асыл мұра екені туралы түсінік қалыптасты.
«Мен таланттымын» өнерге жақын оқушыларды іріктеу кезеңінде А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырдым. Нәтижесінде Әлім Әмина жеңіске жетіп, дарынды екенін көрсетті. Сонымен қатар Абайдың он тоғызыншы қара сөзін де жатқа біледі.
«Бір шаңырақ астында» тақырыбында сурет байқауына қатысты. Сынып белсендісі анықталып, оқушылардың міндеттері берілді.
Сынып оқушылары мектепішілік «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты салтанатты іс-шараға қатысты. Сонымен қатар 1-қазан қарттар мерекесіне орай үйінде отырған мүгедек Көпей әжемізді мерекесімен құттықтап, гүл сыйлап, ән, тақпақтар айтып, бірге суретке түсіп әженің көңілінен шығып келдік.
Мұғалімдер мерекесіне орай мектепішілік ізгі-шараға қатысып, ұстаздарға құттықтау ашықхаттарын сыйлады.
Оқушы қыздар «мен қандаймын» суреттер сайысына қатысты.
Қазан айының соңына қарай «Өз балаңа үлгі бол!» ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: Ата-аналардың балаларына үлгі болуға, адамгершілікке тәрбиелеуге үйрету, жақсы оқушы қатарында болуға ынталандыру, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрене білуге ұмтылдыруға бағыт-бағдар беру.
«Рәміздерім-мақтанышым» сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.
Анықтама беруші 2-сынып жетекшісі: А.Қ. Калиева