Он күндік
2017 жылдың 2 ақпанында мектебімізде « Өзін-өзі тану»: сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы атты балаларды рухани – адамгершілік сезімге тәрбиелеу және дамытуға байланысты он күндігінің ашылуы өтті.
Онда оқушылар өзін өзі тану пәні туралы, мейірімділік, адамдарға қуаныш пен махаббат сыйлау керектігі туралы айтты.Ары қарай оқушылар мен мұғалімдер «Өзін-өзі тану пән мұғалімдерінің арнауы» атты ән мен жалғасын тапты.
Декаданың жоспарымен өзін-өзі тану пән мұғалімі Айнаш Нұржанқызы таныстырып өтті.